БАС МҮФТИ «ОЙ-ТОЛҒАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Ой-толғау» бағдарламасына қатысып, дін мен дәстүр сабақтастығы, діни оқу-ағарту мәселелері, Исламдағы қайырымдылық құндылықтары, жастарды ізгілікке тәрбиелеу, құлшылықтың мәйегі туралы пікір білдірді.

«Исламда «садақа жа­рия» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «са­дақа жария» дейміз. Мешіт-медресе салу, аурухана тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауыл­дарға су тартып, құдық қаздырту, міне, бұлар халықтың игілігі үшін жасалған са­уап­ты істер. Тіпті, мұсылманның көңілін көтеріп, үміт сыйлау, түк бере алмасақ та, оған мейіріммен қараудың өзі – сауап. Са­уап­ты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айна­ламызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс», – деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.

Бағдарламаға қатысқан ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мырза да осы тақырыптар төңірегінде ой бөлісіп, Бас мүфти көтерген мәселелерді қолдайтынын жеткізді.

Бағдарламаны белгілі ақын Қалқаман Сарин жүргізді.

 

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz     

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу