ҚМДБ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ БАС МҮФТИГЕ ЕСЕП БЕРДІ (ФОТО)

Бүгін Астанада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен жоспарлы жиналыста ҚМДБ бөлім басшылары 2017 жылдың алғашқы айында атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Жиналыста имамдардың уағыз айту әдіс-тәсілін жетілдіру, діни оқу бағдарламаларын жандандыру, жастар арасында жиі кездесулер мен іс-шаралар өткізу, түзеу колонияларында жазасын өтеуші азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жалғастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында ҚМДБ жұмысы мен пайдалы, ғибратты материалдарды кеңінен насихаттау, т.б. мәселелер талқыланды.

«Жұмысымызды күн сайын жетілдіріп отыру – баршамызға ортақ мәселе. Әр қызметкер маған немесе ҚМДБ басшылық құрамына өзінің басқаратын бөлімінің жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстар жолдап, тың идеяларымен бөлісіп отыратын болсын. Хаттамалық тапсырмалардың дер кезінде орындалуына көңіл бөліңіздер», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жиналыс соңында ҚМДБ төрағасы жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.     

 

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтқа тіркелуіңізді немесе құпия сөзді қолданып, кіруіңізді сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалыққа жазылу